16.06.2023, 22:00
Оқылды: 34

Батыс Қазақстан облысында 7 жастағы қыз бала жол апатынан көз жұмды

Кеше сағат 09:00 уақыт шамасында Жымпиты-Қаратөбе автожолының 75-км-де жол апаты орын алды. «Лада-2114» маркалы автокөлігін тізгіндеген 40 жастағы жүргізуші масаң күйде рөлге ие бола алмай аударылған. Бұл жөнінде БҚО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 16.58.18

“Жол апаты салдарынан «Қ» есімді 2016 жылғы қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада көз жұмды. Жүргізуші дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді, - деп атап өтті БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Ибрайымов Олжас Әзімбекұлы.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале