16.06.2023, 22:42
Оқылды: 47

Демеушілік көрсетті

Аудандық мәслихат депутаты Мұрзабеков Нұрбек Серікқалиұлы - Бөрлі ауданының тумасы, жергілікті азамат. Ол - жоғары білімді экономист. 2020 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысады. Бүгінгі күні «Ернар» сауда орталығының директоры.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 20.40.17

Өмірде қай-қай жағынан да белсенді Нұрбек Серікқалиұлы мерзімді басылымдардың қажеттілігі мен маңызын жақсы түсінеді. Сондықтан да бүгінгідей баспасөзге жазылу науқаны кезінде өз қызметкерлері мен зейнеткерлерге 400 000 теңгеге газет-журнал жаздырып беріп отыр. Оның ішінде «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Орал өңірі», «Приуралье» газеттері де бар.  Дәл бүгін аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетіне 20 данаға жазылып, үлкен қолдау көрсетіп отыр. Аудандық газеттің редакциясы азаматтық танытқан азаматқа алғыс айтады.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz  

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале