19.06.2023, 16:52
Оқылды: 47

Бұршақ аралас қатты жаңбыр: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

погода

Болжамға сүйенсек, алдағы күндері циклон және атмосфералық фронталь бөлімдер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді.

Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады.

Жел екпіні күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Түнгі ауа температурасы солтүстікте 5-13 градусқа, шығыста 7-15 градусқа дейін төмендейді.

 

Ж. Қадыржанова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале