20.06.2023, 17:00
Оқылды: 44

Медицина, байланыс және автобус тасымалына қазақстандықтардың көңілі толмайды

Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков қазақстандықтар қанағаттанбайтын салалар мен оның себебін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

B465074C-BE29-4446-991D-26962CE2B74F

«Қазақстандық тұтынушылар ең алдымен медициналық қызметтерге (9,3%) қанағаттанбайтын болып шықты. Нақтырақ айтқанда, медициналық персоналдың дөрекілігі, ұзынсонар кезек және сапасыз көрсетілген медициналық қызметтерге көңілі толмайды. Екінші орында - байланыс, оның ішінде интернет (33,3%). Яғни абоненттік төлемақыны заңсыз өсіру, сапасыз интернет, сол сияқты тарифтік жоспардың құнын ұлғайту және өзгертуге қатысты», - деді Асқар Тынысбеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, отандастарымыз қанағаттанбайтын келесі сала – қоғамдық көлік жұмысы (30,7%).

«Атап айтқанда, жолаушы тасымалдау ережесінің бұзылуы, персоналдың дөрекілігі, жолақысын қолма-қол және онлайн есеп айырысудағы баға айырмашылығы. Келесі – қоғамдық орында тамақтану қызметі (24,4%). Ол жерде де дөрекілік және сапалы қызмет көрсетпеу, бүлінген тамақ және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы», - дейді ол.

Фото:24.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале