Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметкер күніне орай аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті.
Спорт ойындарының волейбол, арқан тартыс, садақ ату, үстел теннисі түрлерін қамтыған шара күні бойы өтіп, мәресіне жетті.
Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметпен спортты сабақтастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Сайыста ауданымыздың барлық дерлік мекеменің мемлекеттік қызметкерлері, ауылдық округ мамандары тартысты да қызықты ойын көрсетті.
Атап айтқанда, жарысқа 7 команда, «Сұңқар», «Намыс», «Дербес бөлім», «Жалын», «Қыран», «Арлан» және аудан әкімі аппараты командалары ойын көрсетті.
Жарыстың нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша аудан әкімі аппаратының командасы (56 ұпай) І орынды иеленсе, 53 ұпаймен «Жалын» командасы екінші орынға, «Сұңқар» командасы (23 ұпай) үшінші орынға қол жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Шыңғырлау» спорт клубы атынан диплом, кубок және медальдармен марапатталды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz