22.06.2023, 18:00
Оқылды: 51

Түркиядан Қазақстанға есірткі қылмысына қатысы бар күдікті экстрадицияланды

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар күдікті экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

937e4f80-c51b-43c0-9661-acfc61364d80

Фото: Бас прокуратурадан

Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған күдіктіні беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін оның мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале