22.06.2023, 19:59
Оқылды: 18

Жомарттық танытты

Аудандық «Бөрлі жаршысы –Бурлинские вести» газетіне 2023 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны жалғасуда. Жанашыр жандар демеушілік танытып, өз қаржысына жерлестерін аудандық газетке жаздырып, игілікті іс қылуда.

WhatsApp Image 2023-06-22 at 17.58.24

Осындай жандардың бірі  - аудандық мәслихат депутаты Елеусінова Алма Болатқызы. Ол - С.Д.Асфендияров атындағы медициналық институттың стоматологияфакультетін бітірген жоғары білімді маман. Тайпақ ауданының тумасы өз еңбек жолын Бөрлі аудандық орталық ауруханасында жалпы практикадағы тіс дәрігері ретінде бастаған. 2007 жылы жеке кәсіп бастауды ұйғарған Алма Болатқызы қазіргі уақытта «ДентАрт» стоматологиялық орталығының екі клиникасын басқарып отыр. Қоғамдық жұмыстарда белсенді жан - аудандық іскер әйелдер кеңесі мен аудандық кәсіпкерлер палатасының мүшесі.

Аудандық газеттің жазылым науқаны уақытында өз қызметкерлеріне 75 000 теңгені құрайтын газеттің 20 данасын жаздырып берді. Редакцияның атынан жомарттық танытқан жеке кәсіп иесіне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

 

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале