23.06.2023, 13:00
Оқылды: 48

Елімізде тұрғындары ең жас өңір анықталды

Қазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пайызға өсті. Өңірлер арасында тұрғындары ең жас өңір Маңғыстау облысы болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖП

Фотоға түсірген Гүлмира Сәрсенғали

Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 болды, осылайша, көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайызға өсті (26,6 2021 жылы). Бұл 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді дегенді білдіреді.

Өңірлер арасында ең жоғары индекс ШҚО-да, онда көрсеткіш - 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы тұр, көрсеткіш - 56,3. Одан кейін Қостанай облысы, көрсеткіш - 48,9.

Халқы ең жас өңір - Маңғыстау облысы, кейінгі 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Облыста 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді.

Сондай-ақ, қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында, онда көрсеткіш - 11,3 және Шымкент қаласындағы көрсеткіш - 11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, яғни 30,7 және 24,5 болады.

Ж. Қадыржанова,
massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале