Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне ауылдық округ әкімі аппаратында қызмет кеткен ардагер мемлекеттік қызметшілерді қабылдады.
Ауыл әкімі болып еңбек еткен Бисалиев Берик Абрикұлы мен Тәжібаев Сәлімгерей Бақтыгерейұлы, жетекші маман қызметін атқарған Қыдырсихова Любовь Дүйсенқызына құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.
Мейрам Нұрмағамбетұлы алдыңғы буын ағаларға абыройлы қызметі үшін алғыс білдіріп, әрдайым ақыл-кеңестеріне құлақ асуға дайын екенін, олардың іздерін інілік ізетпен жалғайтынын айтты.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz