26.06.2023, 16:45
Оқылды: 41

Абай облысының педагогтері ауыл шаруашылығы қалдықтарын баламалы энергияға айналдырады

Абай облысы Аягөз ауданы Шынқожа батыр атындағы орта мектеп педагогтері баламалы энергетиканың ерекше көзін ойлап тапты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген Әйгерім Нүкібаева, Лаура Қожаева, Эльмира Тұрапова, Алмас Дәулетов және Қарлығаш Рахметолланың идеялары ауыл тұрмысы үшін өте маңызды. Бұл туралы ҚР Оқу-арату министрлігі хабарлады.

msg-1309508988-6414

Жас мамандар экологиялық проблемалардың алдын алуға мән берген. Олар қоршаған ортаның экологиялық, агрохимиялық, энергетикалық мәселелерін шешудің бірнеше жолдарын ұсынды. Олардың бірі – ауылшаруашылық қалдықтарын баламалы энергияға айналдыру немесе биогаз арқылы табыс табу.

«Ашық тастаған қалдық, қоқыс әсерінен қоршаған орта, ауа, топырақ ластануда. Ауаға тараған қалдық, қоқыстық заттардың вирустары топыраққа сіңіп жағымсыз иіс, метан, күкіртті сутек, индол газдары бөлініп ауаны ластаумен қатар адамдар арасында іш ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын көптеп таратуда. Біз ойлап тапқан биогаз өндіру- энергия үнемдеу және тұрмыстық қалдықтарды бейтараптау, қоршаған ортаны сақтауда өте маңызды», - дейді жас педагогтер.

Биогаз бен био тыңайтқыштарды дақылдардың жақсы өсуі үшін қолдануға, үй жануарлары мен құстарға жемдік қоспа түрінде қолдануға болады. Қазір биогаз арқылы ауылдың жартысы жылумен қамтамасыз етілген. Болашақта жас мамандар оны табыс көзіне айналдырып, сатуды жоспарлап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале