Бүгін «Асылым» мейрамханасында ҚР Мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан полициясы күніне арналған «Елге қызмет – абыройлы міндет» атты мерекелік шара өтті.
Алдымен Үлгілі «Нұрбибі» би ансамблі «Керуен құсы» биін мереке иелеріне тарту етті.
Одан әрі аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметші ардагері Қайырғали Жаймовты «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ аталмыш саланың лауазымдық қызметінде жүрген бірқатар тұлғаны марапаттады.
Қуанышбек Айдарбеков «Мемлекеттік қызметші», Камила Жексенғалиева «Қазағым», Мерей Жұмашев «Қазақстан» әндерін орындады. Қ.Үмбетқалиұлы халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген мереке иелерін атаулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Еркін Базарғалиұлы сөз алып, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Гүлзада Базарованы, Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Сәдуақас Ғұбашевты, Жаңақала ауылдық округі әкімі Ақан Қапановты Мемлекеттік және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің БҚО Жаңақала ауданы филиалының «Құрмет» грамотасымен марапаттады.
Аталмыш шара спорт кешенінде қос мерекеге арналған спартакиадаға ұласты.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz