26.06.2023, 18:00
Оқылды: 88

Казталов ауданы: 28 студент «Жасыл ел» қатарында

Елімізде экологиялық сауаттылықты арттыру және табиғатты қорғау, жастарды еңбекке баулу мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Соның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушылар қатары артып келеді. Казталов ауданында да бағдарламаны қолдап, еңбекке араласқан жастар жетерлік.

2F6E18C7-729F-43CD-A547-B02E9EA2C6B7

– Жуырда ауданымызда «Жасыл ел» бағдарламасы кезекті жұмысын бастады. Бағдарламаның алғашқы кезеңі бойынша 28 студент жас жұмыспен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта олар Ш.Шарафутдинов көшесіндегі жол жиектерін және аудан орталығындағы саябақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, аудан әкімінің тапсырмасымен «Студенттік құрылыс жасақтары» құрылып, қазіргі таңда 5 студент аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жолданып отыр, деді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов.

Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыс істеуге ниетті жастарды қабылдау бойынша арнайы комиссия құрылып, бағдарлама талаптарына сәйкес келетін жастар ғана жұмысқа жолданды.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале