Ауданымызда мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын кәсіптерін ашып, қайтарымсыз гранттарға қол жеткізген кәсіпкерлер қатарының саны артуда. Бүгінде халыққа қызмет етуге арналған нысаны, фитнес клубтың ашылу салтанатының куәсі болдық.
Орталық иесі Жомарт Лұқпанов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп және өз қаражатын пайдалана отырып қолданысқа берді.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов және ауыл тұрғындары қатысты. А.Нұрғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, орталық иесімен лента қию рәсімін жасады. Ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанып, уақыттарын тиімді өткізуге зор үлес қосатынына сеніміміз мол. Шара соңында қатысушы қонақтарға дәмнен ауыз тигізіп, естелік суретке түсті.
А.Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz