Жаңақала аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен Ұлттық сараптама орталығының мамандары бірлесіп, «Қауіпсіз өнім» акциясын өткізді.
Акция барысында басқарма мамандары тұтынушылардың алған өнімдеріне ақысыз зертханалық зерттеу жүргізіп, әсіресе сатылымға жаңадан шыққан қарбыздың құрамындағы нитратты анықтады. Сонымен қатар тағамнан улану және жіті ішек инфекциялары бойынша санитарлық ағарту жұмысы жүргізілді.
Жаңақала аудандық санитариялық-эпидимиология
бақылау басқармасы