30.06.2023, 10:30
Оқылды: 19

Көп балалы аналар марапатталды

Сырым ауданында алтын құрсақты аналарымыздың қатары тағы да толықты. Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов алтын құрсақты аналарды қабылдап, бір анаға   “Алтын алқа” мен төрт  анаға “Күміс алқа” табыстады. 
 Сырым (2)
Аяулы жандарға ізгі тілегін білдіріп, халық санын көбейтуге үлес қосқан аналарға алғыс білдірген аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы:
 - Ананың аялы алақаны бүкіл бір әлемді мейірімге бөлей алады. Сондықтан халық санын көбейтумен қатар, саналы ұрпақ тәрбиелеулеріңізге тілекшімін. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол, - деп аналарға сый-сияпат табыстады.
Сырым (3)
 - Аналарға көрсетіп отырған құрметтері үшін аудан басшылығына алғысымды білдіремін. Барша қыз-келіншектерге көпбалалы ана болу бақытын тілеймін, - деп алғысын білдірді Бұлдырты ауылының тұрғыны, алты баланың анасы Ботагөз Мұхашева.
Жп алка
Айман Утиғалиева,
Сырым ауданы
Сырым (4) Сырым (5)
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале