1.07.2023, 0:20
Оқылды: 52

Қымызмұрындық - ұлт қазынасы

Покатилов ауылдық округінде Теректі ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында іс-шара өтті.

0C0E2AFC-4A45-4733-88ED-AC883B7E1C82

Қазақтың рухани қазынасы салт-дәстүрі мен мәдениеті десек, соның бір көрінісі болған, бүгінде ұмыт болып бара жатқан «Қымызмұрындық» тойы тойланды.

Бұл игі шара ауданымызда 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Дәстүрді жаңғырту мақсатында ең алғаш рет Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылында өткен болатын. Содан іліп әкеткен Шалқар, Долин тұрғындары да халықтық мейрам ретінде атап өтті.

619BDF40-973C-492D-A1B3-944C9FCBB987

Биылғы «Қымызмұрындық» тойына Теректі ауданыныңәкімі Әлия Мұханбетжанова, ауданның Құрметті азаматтары мен өзге қонақтар, Покатиловка ауылының тұрғындары қатысты.

Киіз басып, ұршық иірген әжелермен амандасқан аудан басшысы ісмер әйелдер дайындаған көрмені тамашалады.

204F5863-6382-406F-9466-9D4F6A894600

Одан әрі «Қымыз - жанға дауа, дертке шипа» атты қымыз сапасын анықтайтын байқаудың кезегі келді.Сайысқа Н.Батырғалиева (Сарыөмір), С.Ережепова (Абай), Б.Ахметова (Аңқаты), А.Қадырбаев (Покатилов),М.Жаделов (Бәйтерек ауданы), Қ.Меңдіғалиев (Сырым ауданы), Ю.Махметов («Ақжайық» ЖШС) және Қ.Дакешев («Төлеңгіт» ШҚ) қатысып, дайындаған қымыздарынхалықтың назарына ұсынды. Қымызы балдай тәтті Сырым ауданынан келген «Правда» шаруа қожалығы І орынды қанжығасына байлады. Ал бәйтеректік «Құдайберген» қожалығының еншісіне ІІ орын бұйырды. «Еділ-Жайық» шаруа қожалығы (Сарыөмір) мен «Бекос» қожалығы (Покатилов) жүлделі ІІІ орынды тең бөлісті.

D66E097C-BFD8-4EB4-B916-8DEC7645F7DF

Қымызмұрындық мерекесінде халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі - ұлттық ойындар тойдың сәнін кіргізді. Халқымыздың «Қазақша күрес», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қой көтеру» сынды ойындарына жиналған тұрғандар белсенді қатысты. «Қол күрестен» Н.Досанов (Ақсуат) І орын, Е.Мұратқали (Шағатай) ІІ орын,М.Мақсотов (Құмақсай) ІІІ орынды жеңіп алды. «Қазақша күрестен» жауырыны жер иіскемеген жайықтық А.Сүлейменов бас жүлдені қанжығасына байлады. Подстепныйлық екі балуан -Ш.Қожиақпаров пен М.Нұрлан екінші, үшінші орындарға ие болды. «Арқан тартыс»ойынынан  Ақжайық ауылы І орын, Теректі ІІ орын, Абай жастары ІІІ орын тұғырынан көрінді. Сондай-ақ қойды 72 рет көтерген подстепныйлық Е.Орынтайдың жолы болып, ауылына олжалы оралды. Тазы жарысынан А.Қамаров І орынды жеңіп алды.AD76D9A1-2CEB-428B-A5F7-2AD68981F4D2

«Қымызмұрындық» тойының сәні - қымыз ішу сайысынан Б.Сәбитов қжайық) бас жүлде алды. Барша сайыс қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен ақшалай сый-сияпаттар берілді.

Дәстүрлі «Қымызмұрындық» этнофестивалін  Покатилов ауылының тұрғындары Приречный ауылдық округіне жолдады. Бұйырса, келесі жылы Приречный ауылында той тойлайтын боламыз!

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале