Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған басымдықтар мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын қоғамда кеңінен насихаттап, ел егемендігінің өркендеуі мен дамуына үлес қосқан, Тәуелсіздік жылдарында өз саласының хас шеберлері атанған тұлғаларды ұлықтау мақсатында «Ел егемендігіне қосқан Ерен еңбегі үшін» атты республикалық байқауы жарияланған болатын.
Осы байқауға жерлесіміз «МУСА» ШҚ басшысы Тілеген Теміржанұлы Мусин «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен және l дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды. Ауданымыздың мал шаруашылығы саласын өркендетуде еңбегіне толағай табыстар тілейміз.
Зара Жәрдемова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz