1.07.2023, 2:21
Оқылды: 40

Жас спортшылар шеберліктерін шыңдады

Переметный ауылында балалар мен жасөспірімдер үшін каратэ, джиу-джитсу, сумодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті. 18-28 маусым аралығында болған спорттық іс-шараға Ресейдің Самара қаласынан, Орал шаһарынан және Жәнібек, Бәйтерек аудандарындағы спорт клубтарының тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары келді.

4AD9462F-4C51-4084-ADAF-764623AF55A5

Оқу-жаттығу жиынында негізінен жас ұрпақтың физикалық дайындығына мән берілді. Нақтылап айтқанда, жас спортшылар төзімділік, жылдамдық, реакция, қозғалыс үйлесімділігі бағытында шеберліктерін шыңдады. Ал оқу бөлімінде тәрбиеленушілер жапон тілін, каллиграфия, оригами негіздерін үйренуге ден қойды. Оларға ресейлік Владимир Паранин және қазақстандық Фархад Жалмурзин, Нұржан Тоқсанов,  Асан Молдағали тәлім-тәрбиелерін берді.

36908E29-711A-4038-9BAE-CCBD27A82B8D

Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шара жыл сайын ұйымдастырылып тұрғаны дұрыс. Ол жас каратэшілердің физикалық және жылдамдық бойынша төзімділігін жетілдіруге және өткен сайыстарда жіберген қателіктерін алдағы уақытта қайталамауға мүмкіндік берді.

02092A13-531F-4DBE-B39F-7483085420EF

Іс-шара соңында Астана күніне орай кумите-марафоннан жарыс  ұйымдастырылды. BB74DA2A-F6B7-491D-AE11-937D0AF1B648

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале