1.07.2023, 9:45
Оқылды: 7

Көшелер жаңа контейнерлермен толықты

Шыңғырлау ауданы орталығының тазалығын сақтау күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, көшелерді қоқыстан ада ұстау, тұрмыс қалдықтарын арнайы контейнерлерге салу тұрғындардан үнемі талап етіледі.

IMG_20230701_092400

Жалпы Шыңғырлау ауылдық округі бойынша 150 қоқыс контейнері бар.

Бірақ мұның өзі қажеттілікті өтей алмайды. Енді міне, жуырда, солардың қатары 30 жаңа контейнермен толықты. Олар үш-үштен Ғ.Мұратбаев, А.Құнанбайұлы, И.Тайманұлы көшелеріне орналастырылса, екі данадан Көкжайлау және С.Датұлы көшесіне қойылды.

IMG_20230701_092350

Тозығы жеткен контейнерлер де жаңартылып, сырлау, жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тұрғындардан ендігі талап етілетіні - қолда бар дүниелерді ұқыпты ұстап, әр үйден шыққан қалдықтарды мұқият осы контейнерлерге салу, көшеге желмен ұшып, жайылып кетуіне жол бермеу.
Әр кездесу сайын жыр болып келе жатқан тақырыпқа әр тұрғын өзі бастап үлес қосып, ауданымыздың әр көшесі, маңы таза болады деп сенеміз.

Г.Шынтас,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале