1.07.2023, 10:30
Оқылды: 18

«AgroSkills Oral – 2023» шеберлікті шыңдайды

Жуырда Шыңғырлау колледжінің құзыреттілік орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «AgroSkills Oral – 2023» салалық чемпионаты өтті.

Без имени
«AgroSkills Oral – 2023» салалық чемпионатының ашылу салтанатында БҚО білім басқармасы білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Н.Сабиров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Чемпионат аясында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және беделін арттыру, әлеуметтік және бизнес әріптестермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Жас маман жаңашылдыққа жетелейді» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Кәсіптік білімдегі және экономиканың ауылшаруашылық саласындағы ақпараттармен іс-тәжірибелермен алмасу, студенттердің машықтан өтулерін ұйымдастыруды одан әрі дамытуда Шыңғырлау, Қаратөбе колледждерімен «Алихан» шаруа қожалығы арасында меморандумға қол қойылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бір топ қызметкеріне Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына болашақ орта буын мамандар даярлаудағы қосқан еңбектері үшін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.
«AgroSkills Oral  – 2023» салалық чемпионатының қорытындысы бойынша I орын А.Сәрсенбайға, (Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенті, жетекшісі А.Жумагалиев), II орын Ж.Сарсенбаевқа (Бөкей ордасы колледжінің студенті, жетекшісі А.Шапигуллин), III орын Ә.Тулеушовке (Шыңғырлау колледжінің студенті, жетекшісі Д.Акбалеев) бұйырды.

«Үздік маман» аталымдарымен Н.Бисенғали (М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенті, жетекшісі А.Амиров), Т.Тоқтаров (Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенті, жетекшісі С.Сұлташев), М.Қажығалиев (Қаратөбе колледжінің студенті, жетекшісі А.Елбаев) марапатталды.
Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Берік Рақымберлиев,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале