1.07.2023, 13:00
Оқылды: 44

Ғиният денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлеріне жатпайтын мамандардың жалақысы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумының панельдік сессиясында әлеуметтік сала туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 акша1

Ажар Ғиният «AMANAT» партиясы мен министрліктің бірлескен жобалары мен бастамалары туралы айтты.«Жергілікті бюджеттің жағдайы барлығына жетпейді. Сондықтан, біз республикалық бюджеттен қаржы қарастырып, өңірлерде ұлттық жобаны жүзеге асыруды қарастырып отырмыз. Жедел жәрдем бойынша бірқатар мәселелер көтерілді. Өзім де барлық өңірге бардым. Халықпен кездестім, олардың ұсыныстарын тыңдадым. Оның ішінде мәслихат депутаттары да болды. Көтеріп жүрген өңірлердегі жедел жәрдем мәселесін шешу үшін министрлікке қосымша бұйрық енізіп, егер де ауылдық, аудандық орталықтардағы жедел жәрдем қызметі халықтың көңілінен шықпаса, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен аудан деңгейіне беруге болады. Көп жерлерде халыққа жетпей қалады деген оймен, ауыл әкімдеріне өз атынан бұйрық жазғызып, осындай өзгерістер енгізіп жатырмыз», - деді ол.

Министр мәслихат депутаттарына аудан әкімдігінің жұмысын қадағалауды тапсырды.

«Ол нормативті жүзеге асыру қазір жергілікті атқарушы органдардың қолында. «AMANAT» партиясының бағдарламасында кәсіби жоғарылау жайлы көтерілген. Бағдарлама бойынша институттар жаңартылып, мамандарға орталық құру жоспарланып отыр. Партияның бағдарламасына енген тағы бір үлкен бағыт – кадрлық әлеуетті күшейту. Сайлаушылардың аманатын жинап келіп партияның орталық орган өкілдерімен біз ақылдасып, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді енгіздік. Осы салада жұмыс істеп жүрген бірақ медицина қызметкеріне жатпайтын мамандардың биылдан бастап 20 пайызға жалақылары өсіп, 5 жыл бойы көтеріліп отырады. Ол үшін биыл 30 млрд, келесі жылы 30 млрд-тан 50 млрд теңгеге дейін қаражат қарастырылған», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале