1.07.2023, 17:46
Оқылды: 403

Астананың ботаникалық бағының ашылғанына 5 жыл

Алғаш рет 2018 жылы дала табиғатының күрт континенталды аймағы Астана қаласында ботаникалық бақ ашылды. Бұл Алматы қаласындаға Бас ботаникалық бақтың филиалы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

c9c3d6c7ec49690ec8040e1af343d71d_1280x720

Ауданы 89,1 га, оның ішінде 46,3 га ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ал саябақ 42,8 га алып жатыр.

Ботаникалық бақтың негізгі мақсаты-биологиялық әртүрлілікті сақтау, әлемнің басқа жерлерінен, әртүрлі климаттық аймақтардан әкелінген өсімдіктердің коллекцияларын өсіру, оларды халыққа көрсету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ экологиялық маңызды оқу-ағарту қызметін жүзеге асыру.

Сондай-ақ, Ботаникалық бақтың аумағында жылыжай кешені бар. Мұндағы өсімдіктердің коллекциялық қоры - 269 түрді, 102 сортты, 197 түрге жататын 58 тұқымдастың гибридті пішіні мен сорттарын құрайды.

78521dd43a466fcff2d769ed64742748_1280x720

Олардың ішінде ең танымал тропикалық өсімдіктер – каучук фикусы, вашингтония, араукария, ананас, кумкват, апельсин, кофе ағашы, папайя және тағы басқасы. Танымал суккуленттерден: эхинокактус, агава, маммиллярия, красулла, опунция, алоэ, гастерия және тағы басқасы өседі.

Жыл сайын жылыжайға 20000-нан астам туристер мен Елорда тұрғындары келеді. Бұл жерде оқушылар мен студенттерге ботаникалық білім беру үшін тұрақты негізде экскурсиялар да өткізіліп тұрады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале