4.07.2023, 15:30
Оқылды: 55

Табиғат аясында сабақ өтті

Мектептен тыс жұмыс орталығының «Бейнелеу өнері» үйірмесінің ұйымдастыруымен табиғат аясында өткен пленэр сабағының мазмұны табиғат сұлулығын сезінуге арналды.

WhatsApp Image 2023-07-03 at 13.54.05

Кішкентай қылқалам шеберлері Шыңғырлаудың жеті кереметіне айналған Қонақай көлінің жағасына барып, көрікті көлдің тылсым сырына үңіліп, ерекше ықыласпен табиғат сұлулығын түрлі түсті бояумен бейнелеуге кірісті. Туған жердің табиғи ерекшеліктерін насихаттап, оларға құрметпен қарауды мақсат тұтқан сабаққа үйірме оқушылары ерекше ықыласпен атсалысты.

қылқалам

- Бүгінгі шара өзіме ерекше ұнады. Себебі үйірме оқушыларымен бірлесіп табиғат аясына серуендеп, Қонақай көлінің суретін салдық. Сан түрлі бояуға қанық, сұлу табиғатты бейнелеу, әрине, оңай болған жоқ. Бірақ әр қайсымыз қиялға ерік беріп, қылқалам құдіретімен табиғаттың тылысым сырын қағазға бейнелеуге тырыстық. Менің ойымша, әр сурет өзінше әдемі шыққан тәрізді, - дейді жас қылқалам шебері Нарғиза Кабидуллиева.

WhatsApp Image 2023-07-03 at 13.54.04

Табиғат аясында өткен шарадан балақайлардың алған әсері ерекше. Алдағы уақытта жазғы пленэр сабақтарының жиі ұйымдастырылуына ұсыныс білдірген жас суретшілер табиғат аясында өткен тамаша шарадан көңілді тарқасты.

 

Самат Байболат,

мектептен тыс жұмыс орталығы

директорының оқу-тәрбие ісі

орынбасары,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале