5.07.2023, 11:15
Оқылды: 40

ҰҚК «Достық шекарасы – 2022» арнайы операциясының қорытындысын шығарды

Бүгін Алматы қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің шекаралық қызметі мен құзыретті органдары басшыларының 9-шы отырысы өтті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

c14979823a83d82ad6d2cfc9cbf11ade_1280x720

Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан шекаралық қызметтерінің өкілдері, Беларус және Моңғолия елдерінен бақылаушылар, сонымен қатар ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы мен ТМД қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі қатысты.

ШЫҰ қатысушы-елдердің мемлекеттік шекараларындағы жағдайлар бойынша сұрақтар қарастырылды; бірлескен шекаралық операциялардың нәтижелері шығарылды; 2024 жылға арналған жұмыстар жоспары талқыланды; сонымен қатар, қазіргі таңдағы терроризммен, қару және есірткі контрабандасымен, заңсыз көші-қонмен байланысты және өзге де қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл бойынша жалпы шаралар қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале