5.07.2023, 17:21
Оқылды: 96

Лагерь жаңа мүмкіндіктер ортасы

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын есте қаларлықтай етіп өткізу үшін Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі әдеттегідей түрлі шаралар легін алдын ала жоспарлаған болатын.

лагерь1

 ҚР БжҒМ  2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, балалардың қадағалаусыз қалуының, құқықбұзушылығы мен қылмыс жасауының алдын алу, жазғы каникул кезеңінде балалардың денсаулығын нығайту, қауіпсіздігі мен шығармашылығын дамыту мақсатында  оқушыларды  лагерьмен  қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Лагерьге аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған патронаттық тәрбиедегі  отбасы балаларын қамтуға  басымдық беріледі.

Биыл шілде, тамыз айларында Түркістан  қаласына 20 оқушыға және Астана қаласына 25 оқушыға саяхаттап-демалып қайтуға  келісімшарт  жасалған болатын.

Бұған қоса «Қазақстан  халқына» қоғамдық  қорынан 5-8 сыныптың оқу үздіктері арасынан 25  оқушыға  Орал  қаласына «Евразия» жазғы  демалыс  лагеріне  жолдама  берілді.

Аудан бойынша 1-10 сыныпта 1 948 оқушы оқитын болса, лагерьмен 1 674 оқушы  қамтылады. Пайыздық көрсеткіші - 86. Ал ауданға қарасты 14 мектеп жанындағы лагерьде 1 354 оқушы көңілді демалып жатыр.

Мектеп жанындағы лагерьлер маусым айының 5-нен жұмысын бастап, бір мезгілдік тамақтандыру жолға қойылды. Әр кезеңі бір аптадан жүргізіледі. Демалыс кезеңдері барысында түрлі танымдық тағылымдық шаралар, спорттық жарыстар, робототехникамен жұмыс, таза ауада кітап оқу акциялары, аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат, қызықты ойындар мен зияткерлік сайыстар өткізіліп жатыр. Салауатты өмір салтын ұстану үшін денсаулық, өмір қауіпсіздігін сақтау бағытындағы дәрігерлермен, учаскелік полиция, төтенше жағдай мекемесі мамандарымен кездесулер, флешмобтар мен тақырыптық суреттер көрмесі, таңғы жаттығулар, психологиялық тренингтер де ұйымдастырылуда.

  Ал «Арай» жазғы демалыс лагерінде 5 кезеңде 40 оқушыдан, барлығы 200 оқушыны қамту жоспарда бар.  Бұл балалар лагері жұмысын  маусым  айының 19-да бастап кетті.

 Сонымен қатар аудандық «Достық» шатырлы лагері де шілде айының 3-нен оқушыларды қабылдауға дайын. 3-21 шілде аралығындағы үш кезеңде 40 баладан, жалпы 120 бала  қамтылып, көңілді демалыс күндері Жаңакүш ауылы маңындағы су қоймасы маңында өтпек.

Жазғы демалыс күндері балалардың жаңа дос тауып, дүниетанымдарын кеңейтіп, туған өлке тарихымен тереңірек танысып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға ықпал ететіндігінде сөз жоқ.

                                                                                      Мөлдір Аманғалиева,

 Шыңғырлау аудандық

білім беру бөлімінің бас маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале