Италияның Ауронзо қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден əлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасының 2 өкілі тұғыр биігіне көтерілді. Бұл жөнінде kazsports.kz хабарлайды.
Суреттің дереккөзі: kazsports.kz
Əуелі Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында 1000 метрге жарыста алдына жан салған жоқ. Оның уақыт көрсеткіші 4:35.01 секунд. Күміс жүлдені мажарстандық Река Саркани уысына түсірсе, үздік үштікті өзбекстандық Шохсанам Шерзодова түйіндеді.
Осыдан кейін 23 жасқа дейінгі спортшылар сынында Руфина Ысқақова мəре сызығын 2-болып кесті. Ол С-1 санатында 1000 метр жарыста мажарстандық Борька Загывайға ғана жол берді.
Жалпы биылғы бəсекеге 65 мемлекеттен 938 спортшы жиналды.
zhaikpress.kz