Ауронцода (Италия) юниорлар мен жастар арасында байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық команда бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Командаға барлық марапатты Мария Бровкова мен Руфина Искакова әкелді.
Юниорлар арасындағы жарыста Бровкова "алтын", "күміс" және "қола" жеңіп алды.
Жастар арасындағы турнирде өнер көрсеткен Искакова алтын және күміс медаль жеңіп алды.