«Ел болашағы балалар» аймақтық қоғамдық бірлестігі және Жаңақала аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты облыстық мешіт жамағаттары арасында дәстүрлі садақ ату мен табан тартыстан сайыс өтті.
Жарысқа қала және аудан мешіттерінен 30-ға жуық адам қатысты. Сайыс өте жоғары деңгейде болды. Ең бірінші болып садақшылар бақ сынады.
Жарыс республикалық дәстүрлі садақ ату федерация ережесі бойынша өтті. Төрт кезеңнен өткен жарыста, 24 сұр мерген бақтарын сынап, арасынан төртеуі финалға өтті.
Спортшыларға «Ел болашағы балалар» аймақтық қоғамдық бірлестігі және Жаңақала аудандық мешіті атынан арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz