4.06.2015, 17:42
Оқылды: 25

Мемлекеттік рәміздер күніне орай мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды

Ramizder kyni 01 Бүгін Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Орал қаласында спорттық эстафета П.Атоян атындағы стадионда басталды. Мұнда Қазақстан Туын желбіретіп жерге түскен желкермешілер оны жеңіл атлеттерге табыстады. Жеңіл атлеттер қалалық мәдениет және демалыс саябағына дейін жүгіріп барып, Туды ескекшілерге табыстады.

Шаған өзенімен жүзген ескекшілерден Туды велосипедшілер қабылдап алды. Бұдан кейін ол қайтадан жеңіл атлеттерге тапсырылды. Шара кешкісін Сырым Датұлы атындағы алаңда мерекелік концертпен қорытындыланбақ.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар облыс аудандарында да өткізілді. Мысалы, Зеленов ауданында велошеруге қатысушылар көк байрағымызды көтеріп, жолға шықты. Орталық алаңда ұлттық рухты асқақтататын әндер әуеледі. Теректі аудандық мәдениет үйі алдында патриоттық шарада осындай әндер орындалып, ол автошеруге ұласты.

Бұл күні шараға қатысушылар Мемлекеттік рәмізді қастер тұтып, құрметтейтіндіктерін тағы бір паш етті.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале