11.07.2023, 14:45
Оқылды: 39

Мәжіліс депутаты Бөрлі ауданында

Бөрлі ауданына жұмыс сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева келді. Ол ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыспен танысты.

депутат 3

 Снежанна Валерьевнаның жұмыс сапары «Подстепное – Федоровка - Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысымен танысудан басталды.

Осы жолдардың 108-144 шақырымы учаскесі бойынша жұмыстарды «ДСК Приоритет» ЖШС жүзеге асыруда. Мердігер компаниямен кездесуге Приурал, Бумакөл, Жарсуат ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дастан Ақмамбетов және де «ДСК Приоритет» құрылыс компаниясының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында мердігер компанияның басшысы Жанна Кенжина жол салу барысында туындаған қиындықтар мен мәселелерді көтерді.

депутат 7

Сондай-ақ депутат аудандық маңызы бар «Ақсай-Жымпиты» автожолын қайта жаңғырту жұмысының барысымен танысты. Мердігер «Аксайбизнесстрой» компаниясының директоры Анвар Агаев атқарылып жатқан жұмыспен таныстырып өтті.

Ақсай қаласына келген Снежанна Вальерьевна «AMANAT» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау жасап, тұрғындармен кездесті.

Кездесуге келгендер депутаттың жалпы және жеке қабылдауында болды. Тұрғындар үй кезегі, Семей полигоны ардагерлеріне жасалу керек әлеуметтік қызмет, жәрдемақы, зейнеттік жас, жұмысқа қабылдауға байланысты сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Депутат қала тұрғындарының көтеріп отырған мәселелерін міндетті түрде Мәжіліске жеткізетінін айтты.

депутат 2

Снежанна Имашева «АқсайЖылуҚуат» мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мекеме басшысы Жасталап Құрманқұлов алдағы жұмыс  жоспарымен бөлісіп, жұмысшылардың жалақысын көтеру туралы мәселені жеткізді.

Келесі нысан жаңадан салынып жатқан әскери комиссариат ғимараты болды. Аталған нысан «AMANAT» партиясының  партиялық бақылау бекетінiң қадағалауында. Құрылыс нысанын салып жатқан мердігер – ЖК «Бекқалиев». Мекеме басшысы құрылыс барысында үлкен мәселелер болмағанын  және нысан жоспарлы уақытта қолданысқа берiлетінін мәлімдеді.

депутат 1

- Мен өзімнің іс сапарымды Бөкейорда ауданынан бастадым. Ары қарай Жаңақала ауданы және Орал қаласында болдым. Бүгін Бөрлі ауданына да келіп қалдым. Одан кейін Сырым, Қаратөбе және Бәйтерек аудандары бар. Жалпы Мәжіліс депутаттары демалысқа кетті деп саналады. Бірақ жұмыс жалғасуда. Халықпен кездесіп, олардың сұрақтарын тыңдадық. Кездесу барысында түрлі сұақтар қойылды. Оның ішінде ауқымды, көп жылдар бойы шешілмеген мәселелер де көтеріледі. Қойылған сауалдардың бірі жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде шешілетін мәселелер болса, кейбірі Министрлік пен Мәжілісте шешілетін сұрақтар болады. Себеб ібелгілі бір заңға, заң өзгертуге байланысты жүзге жуық сұрақ түсті. Ендігі кезекте осы мәселелермен айналысамыз. Заңға байланысты мәселелер бұл депутаттың жұмысы. Біз ұсыныстарды қарастырып, біз тиісті заңға кірістіреміз. Қазіргі таңда менің заңға түзету керек ұсыныстарым энергетика саласына және миграцияға байланысты. Енді осы 2-3 күнде қойылған сұрақтарды сараптап, Үкіметке жеткіземіз. Ал заң аясында шешілетін мәселелер болса, заңды өзгертуге өз ұсыныстарымызды дайындаймыз, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Вальерьевна.

депутат 8

Снежанна Имашева ауданымызда көтерілген мәселелерді міндеттрі түрде Мәжілісте көтеретінін айтып, ары қарай жұмыс сапармен басқа аудандарға жолға шықты.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале