Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың төрағалығымен аппарат кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы «ҚазСуШар» РМК Батыс Қазақстан облысының филиалының басшысы Рауан Хусаинов, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне өзен-көлдерді суландыру, ауданымызда жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар және мал азығын дайындауға қатысты үш мәселе қаралды.
Отырыс барысында «ҚазСуШар» РМК БҚОФ басшысы Рауан Ерланұлы су мәселесіне қатысты аудандағы жағдайларды айтып өтті.
Кеңес отырысын аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы қорытындылап, жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.
Зара Жардемова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz