12.07.2023, 2:31
Оқылды: 53

Түсіндіру тобы ауыл халқымен жүздесті

Аудандық ішкі саясат бөлімінің жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

IMG-20230706-WA0016

 

Бас имам Есенболат қажы Әбдуғалиев пен теолог маман Ринат Кенжеғалиев ислам шарттары, жаназа өткізу тәртібі, ысарапшылдық жөнінде әңгіме өрбітіп, асыл дінімізге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова қоғамдық жұмыстарға, мәдени шаралар мен жиналыстарға қатысу мәдениеті туралы өз ойымен бөлісті. Жиында өзге адамның уақытын құрметтеу, жүздесулерде ұялы телефонды дыбыссыз режимге қоюдан һәм ортада өзін мәдениетті ұстау жайында келелі ойлар айтылды.

IMG-20230706-WA0018

 

Қоғамның басты мәселесіне айналған интернет алаяқтық, буллинг, зорлық- зомбылық, сыбайлас жемқорлықтың түрлері хақында түсіндірген топ құрамы әр өзекті түйткілге кеңінен тоқталып, жіктеп берді. Ләззат Айтқалиқызының айтуынша, ауылдық округтерде өтетін кездесулерге халық бей-жай қарайды. Жасы үлкендер мен жас буынға ақпарат жетпеген күйде қалады. Ол: -Имам келгенін естіген қариялардың келмеуі мүмкін емес. Бөліскіміз келген ақпараттарды тарату кезінде қиындықтар туындайды. Біздің мақсатымыз халықты адасудан, алданудан дер кезінде өз ақпараттарымызбен алдын алу,- дейді өз сөзінде.

IMG-20230706-WA0017

Аз да болса жиналған тұрғындар  кездесуден көкейіндегі сауалға дөп түскен жауап алып, біраз ақпараттарға қанықты.

 

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале