12.07.2023, 9:45
Оқылды: 34

Қазақстандық оқушылар халықаралық «Туймаада» олимпиадасында 33 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар математика, химия және информатика пәндері бойынша 30-шы халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

a026cf54b7003ed54d5e499abf040927_1280x720

Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қазақстан, Сингапур, Индонезия елдерінен 215 оқушы қатысты.

Біздің еліміздің атынан республиканың әр өңірінен 80 оқушы қатысып, 4 алтын, 14 күміс және 15 қола медальдар жиынтығын жеңіп алды.
Айта кетсек, «Туймаада» олимпиадасы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді.

Қазақстан жарысқа 2004 жылдан бері қатысады.

Олимпиада екі күнге созылып, екі турдан тұрады. Әр турда қатысушыларға 5 астрономиялық сағат ішінде үш-төрт есеп шығару ұсынылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале