Бүгін Батыс Қазақстан облысына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келді.
Дәл қазір министр облыс халқымен кездесу өткізіп жатыр.
Жиын барысында ведомство басшысы министрліктің өңірде жүргізіп жатқан жұмысы жөнінде баяндауда.
Бағдат Мусин казіргі уақытта облыстағы байланыс сапасын жақсарту мақсатында бірқатар қарқынды іс-шара жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар цифрлық саланы қолдау және үдемелі дамыту үшін елге білікті IT-мамандар қажеттігі, өңірдегі аталған мамандарды даярлау бағыты жөнінде сөз қозғап жатыр.
Кездесудің екінші бөлімінде өңір тұрғындары министрге сауалдарын қойып, пікірлеседі.
zhaikpress.kz