12.07.2023, 14:30
Оқылды: 57

Абзал Құспан: «Мәселелерді көзбен көру үшін ел үшінде жүрміз!»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сырым ауданының Жосалы ауылдық округіне барды.

IMG_4348

Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева өзінің астаналық әріптестеріне округтегі негізгі мәселелер туралы баяндады.
- Біріншісі әрі ең негізгісі – жол. Жосалы - аудан орталығынан ең шалғай жатқан округ. Қоңырдан Жымпитыға жету үшін 72 шақырым жүру керек. Оның жартысынан көбі – топырақ жол. Асфальт төселсе, бүгінде көшу тоқтаған, халқы тұрғылықты Көгеріс, Тамды сияқты елді мекендердің көзі ашылып, Қоңырдың басындағы жұрт балшыққа бауырлап батқан, қарға көмілген күндерді ұмытар еді. Тамдыдан Қоңырға оқушылар тасымал арқылы оқытылады. Қауіпсіздік үшін оларға дұрыс жол қажет. Ең бастысы, Жосалы ауылдық округіндегі аудан үшін маңызды стратегиялық нысан – Жымпитымен қоса жеті ауылды ауыз сумен қамтитын Кеңащы су кен орынының орталық станциясы орналасқан. Жүйе жұмысынан ақау шықса, ауданның жарты халқы сусыз қалады. Оны да ескеру керек. Міне, Жосалыға жол не үшін керек?!, – деп дәйекті сөйледі Шынар Сайлауқызы.
Округтегі екінші мәселе – мектептің күрделі жөндеуі.

InShot_20230712_131349771

Абзал Құспан мен Снежанна Имашева білім ордасына аяқтай барып, сынған терезе мен жарылған қабырғаны, тозған дәліз бен азған сыныптарды көздерімен көрді. Халықпен кездесуде де бірқатар маңызды мәселе айтылды.

InShot_20230712_131407828
- Әрине, Парламент үйіне Қазақстанның әр қиырынан хат келеді. Әр хатта – халықтың мұңы, мұқтажы, сөзі, үні, аманаты!

IMG_4322

Сырым ауданындағы маңызды мәселелермен де қағаздар арқылы таныспыз. Бірақ, қағазда эмоция болмайды. Көзбен көргенге ештеңе жетпейді. Бұқарамен бетпе-бет жүздесіп, мәселелерді көзбен көру үшін ел ішінде жүрміз, - деді Абзал Құспан.
Айта кетейік, Снежанна Имашева – ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы заңнама және сот – құқықтық реформалар жөніндегі комиссияның жетекшісі. Адвокат Абзал Құспан да осы комиссияда.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале