12.07.2023, 17:00
Оқылды: 22

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары қатысты.

FB_IMG_1689158100043

Басқосуда аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова бірінші жартыжылдықтағы отырыстарда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы баян етсе, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Айбек Ғазезов бірінші жартыжылдықтағы тапсырмалардың орындалуымен қатар түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда кәмелет жасына толмағандардың болуын, сауда орындарында спирт қосылған ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату деректерін анықтау бойынша жүргізілген рейдтік шаралар хақында айтып өтті.

FB_IMG_1689158104293

Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды тұрғын үй құқығымен қамтамасыз ету жөнінде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев тоқталды.

Жиын барысында баяндамашылар комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар мәселе турасында ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале