Ауа райының ыстығы шыңғырлаулықтардың ырғақты жұмыстарына, іс-қимылдарына еш кедергі болмақ емес. Бізде уақыт күттірмейтін жұмыстарды үнемі жоспарлы түрде өткізу әдетке айналған. Сондай шаралардың бірі – Шыңғырлау ауылдық округі ұжымының жетекшілігімен өтті.
Жалпы аудандық сенбілік деп жарияланды. Сенбілікке 270 мекеме қызметкері мен маманы және «Жасыл ел» жасағы қатысып, өздеріне бекітілген учаскелерді, соның ішінде көше бойларын тазартып шықты.
«Толассыз жауған жаңбырдан соң тез өскен шөптерден тазарту, ағаштарды әктеу, артық бұтақтарын кесіп, ретке келтіру жұмысы орындалды. Бұл шаруаға үш техника қатысып, нәтижесінде 14 тонна қоқыс, кесілген ағаш пен шабылған шөп арнайы қоқыс төгетін алаңға апарылды, - дейді Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы Анар Кабулова.
Мекеме қызметкерлері, мамандар қоқыс жинап, үй-жайлардың маңайын тазартып жүргенде қолдары бос, бірақ есік алдын ретке келтіруді өз міндетіне санамайтын тұрғындардың қарап тұратындары еріксіз қайран қалдырады.
А. Арыстанова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz