14.07.2023, 14:45
Оқылды: 18

Тәрбие – балабақшадан басталады

Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасының негізінде құралған ақпараттық түсіндіру тобы «Алтын ұя» балабақшасына табан тіреді.

IMG-20230711-WA0023

Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова топ құрамын таныстырып, аты жаман сыбайлас-жемқорлыққа тоқталды. Әр жас ұрпақ ұлтын сүйген адал тұлға болып қалыптасу үшін бұл тақырыпқа тоқталу маңызды.

Өз кезегінде бас имам Есенболат қажы Әбдуғалиев қазақы тәрбиені басты тұғырға қойып, сауап пен обалдың, үлкенге құрмет пен кішіге ізет білдірудің ара жігін ажыратты. Қазіргі таңда әр бүлдіршін ұялы телефон арқылы қажетсіз һәм артық дүниені көріп, дәстүрден алыстап бара жатқаны жасырын емес. Осы бағытта көсіле сөйлеген бас имам үйдегі және балабақшадағы тәрбиеге қырағылық таныту керегін жеткізді.

Білікті теолог Ринат Кенжеғалиев тәрбиенің қайнар көзі асыл дінімізде екенін ұстамдылықпен баяндады. Дегенмен теріс діни ағымдарға ұрынбас үшін ата-бабамыз ұстанған дінді нақты түсіндірді. Ол жатқа еліктеп, тамырдан ажырап қалмауымызды айтты.

Полициця майоры Мейрамхан Бапахов әлеуметтік желінің атойлап тұрған шақында кибербуллинг туралы кеңірек ақпарат берді.

Алаяқтарға алданбаудың амалын айтып, балалардың көгілдір экраннан не қарайтынын бақылап тұрған жөн деген ойын білдірді. Балабақшадан аттанған топ аудандық ауруханаға аялдап, дәл осы ақпараттарды түсіндіру мақсатында ұжыммен кездесті.

 

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале