Бүгін Жаңақала аудандына келген БҚО Денсаулық сақтау басқармаcының басшысы Е. Тоқсанов қызметтік сапармен «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығында» болды.
Басқарма басшысы алдымен «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығы» ШЖҚ МКК-ның материалдық-техникалық базасымен және емделушілерге медициналық қызмет көрсету жұмыстарымен танысып, іштегі ем алушы науқастармен кездесті.
Медициналық кеңес өткізіп, аталмыш мекеменің диркторы Қобыланды Бекенов 6 айлық қорытынды баяндама жасады.
Ерлан Виленұлы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді. Алдағы уақытта жұмыс барысы бойынша жақсы нәтиже күтетінін ескертті.
А.Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz