15.07.2023, 2:39
Оқылды: 44

Чемпионға – әкімнен сыйлық

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова дзюдо күресінен Қазақстан чемпионы  Фатима Сұпығалиеваны қабылдады.

IMG-20230714-WA0081

Кездесуге әкесі әрі жеке бапкері Алтынбек Сұпығалиевпен келген бойжеткен  спорт интернатында оқиды.

Фатиманың әкесі – дзюдодан ҚР спорт шебері, самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы.  Қызын өзі спортқа баулып жүрген Алтынбек Сұпығалиев жас спортшыдан үздік нәтиже күтеді.

IMG-20230714-WA0084

-Өскемен қаласында 17 облыстан дзюдошылар қатысқан жарыс өтті. Қызым 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Нәтижесі ойдағыдай. Бұйырса қаңтар айында өтетін Азия чемпионатына дайындық үстіндеміз, - деді бапкер әке.

«Қаңтарда сүйінші жаңалық күтеміз!» деген аудан басшысы Әлия Биғазықызы жас чемпионға соңғы үлгідегі  Айфон 14 маркалы қалта телефонын сыйға тартты.

IMG-20230714-WA0079

IMG-20230714-WA0080

IMG-20230714-WA0078

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале