16.07.2023, 19:10
Оқылды: 58

Жылыжай субсидияға зәру

Махамбет ауылдық округіндегі «Алтын болашақ» шаруа қожалығы облысымызда алғаш болып жылыжай шаруашылына ден қойған болатын. 2009 жылы 30 сотық жерден басталған бұл іс бүгінде айтарлықтай өркен жайды. Қазір мұндағы жылыжайдың аумағы 2 мың гектарды құрайды. 14 жылыжай жұмыс істеп тұр. Бәріне де жылу мен электр жарығы тартылған. Негізінен қызанақ пен қияр егіледі. Алғашқы дақылайналым қаңтар айында басталып, шілдеге дейін созылады.

IMG_1479

Аудан әкімі Марат Тоқжанов аталмыш ауылдық округқа жасаған жұмыс сапары кезінде осынау жылыжайларға атбасын бұрған еді. Сол кезде жылыжайлардағы соңғы өнімдер жиналып жатқан болатын.

IMG_1485
Қожалық жетекшісі Еркін Насыровтың айтуынша, биыл да жылыжайдан жақсы өнім алынды.
Қазірдің өзінде жиналған қызанақ пен қиярдың көлемі 100 тоннаны құрайды. Өнімнің бәрі Оралдағы «Алтын алма» базарына тапсырылады. Мұнда негізінен тұрақты түрде бес адам еңбек етіп жүр. Орташа еңбекақы - 200 мың теңге шамасында.

IMG_1487

-Бүгінгі таңда біз үшін өзекті мәселе – субсидияның берілмей қалуы. Сол себепті төрт-бес жылдан бері елімізде фермерлік жылыжай алаңдарының көлемі азаюда. Егер жылыжай кешендерін салу және кеңейту кезінде кеткен шығындардың белгілі бір мөлшері өтелсе, алынған тыңайтқыштардың, пестицидтердің құны және маусымаралық кезеңде электр энергиясы мен газшығындары субсидияланса, бұл фермерлерді ынталандыру бағытында тиімді қолдау болары сөзсіз,-дейді Еркін Насыров.

 IMG_1476


Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале