Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты.
18 шілде күні Казталов ауданының орталығы Казталов ауылында және Жалпақтал ауылында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жиындар өтті.
Жиынды Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков жүргізіп, жобаға қатысты түсінік жұмыстарын жүргізуге арнайы келген Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашев, «Aqjaiyq» ӘКК акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Қазбек Ұзықанов, округ әкімдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудан тұрғындары қатысты.
Биылғы жылы бастау алып жатқан «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, несие алуға ауданымыз бойынша 252 тұрғын өтініш білдірген, оның ішінде, кепілге қойған мүліктері өткен 122 адам болса, «Aqjaiyq» ӘКК-де 76 адамның құжаттары тексерістен өтуде. Ал 5 тұрғын қаражатқа қол жеткізген.
Жиында сөз алған Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Мүлкайұлы, «Aqjaiyq» ӘКК акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Қазбек Ұзықанов «Ауыл аманаты» жобасына қатысты ережелерге енген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндап берді.
«Ауыл аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;
Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;
Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;
Жоба әкімшісі ретінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы белгіленсе , сенімді өкіл ретінде «Aqjaiyq» ӘКК акционерлік қоғамы белгіленіп отыр.
Жиында жобаға қатысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz