20.07.2023, 17:30
Оқылды: 20

Жұмагелді Батырниязов: «Қоғам бәтуәлі сөз, берекелі ақылға зәру»

- Сырым елінің баласымыз. Атқа мінген азаматта ауыл-жұрттың қақы бар. Сондықтан туған жерімізге қызмет қылуға келдік. Әрине, мойынымызда мемлекеттің жүгі бар. Бірақ, болдық, толдық деуден аулақпыз.

IMG_4541

Бізді толтыратын, өсіретін - баталарыңыз. «Ауылыңда қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» деген сөз бар қазақта. Елді аға буынның ақылы алға бастайды. Құндылықтар ауысқан заманда қоғам бәтуәлі сөз, берекелі ақылға зәру, - деп сөз бастады аудан әкімі.

IMG_4535
Жаңа әкіммен жүздесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, ауылдардан келген ақсақалдар, сала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.​

Олар Жұмагелді Жолдыбайұлының әкімдік қызметіне сәттілік тілей отырып, бірқатар мәселелерге қатысты пікір-ойларын айтты. Өлеңтілік Тауфих Елубаев аудандағы әлеуметтік дүкеннің жұмысын жаңғырту, судың сапасын қадағалау жайын көтерді.​

Мизам Нұрпейісов Жымпитының басты даңғылы, бояулы бейнесі - С. Датов көшесін абаттандырып, соғыста ерлік көрсеткен әкелердің портреттерін көшелерге ілу керек деп есептейді. «Аталар өмірі - ерлік пен еңбек сабағы», - дейді Мизам мырза.

- «Қазақстанның Құрметті байланысшысы» Сыдық Тәжмұқанның Жымпитыны абаттандыруға қатысты ойы бөлек.

Сәнді дүние әрі тиімді болуы тиіс. Мысалы, Жымпитының су ағу жүйесін ретке келтіру керек. Суағарлар салудың қажеті бар, - деді ол.
Ал алғабастық Әбіл Бахтияров:

«Өрт оқиғаларына дайындықты нықтап, техникалық жарақтап, сергек отырмаса болмайды», – дейді.

Ардагер спортшы Еркін Шуренов орталық стадионды жөндеу қажеттігін маңызды мәсәле қылды.​

Бірқатар сауалға тиісті басшылар жауап берді.​

Бауыржан Ширмединұлы,​

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале