Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандағы алтын белгі және үздік аттестат иегерлерімен кездесу өткізді.
Биыл ауданның білім беру саласында жарқын жетістік - 17 оқушы мектепті «Алтын белгімен» аяқтады.
11 түлек үздік аттестатты иеленді.
Білім беру бөлімінің хабарлауынша, аталған оқушылардың дені - аудандық, облыстық, республикалық пән және зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, дебат турнирлерінің жүлдегерлері.
Арасында дарынды оқушылар да бар.
Кездесу барысында түлектер аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, орынбасары Артур Шерғалиев түлектермен пікірлесіп, болашақ таңдауларына сәттілік тіледі.
Б. Шерім,
Айман Өтеғалиева
Сырым ауданы
zhaikpress.kz