24.07.2023, 15:00
Оқылды: 49

Қазақстанда жарты жылда 16,6 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілген

Биылғы алты айда Қазақстанда аумағы 7,1 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЖП ДОМ (4)

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен алты ай мен биылғы жарты жылды салыстыратын болсақ, өңірлер арасында жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы бойынша Абай облысы көш бастап тұр: өсім – 56,3%. Одан кейінгі орында 43,4% өсіммен Шымкент қаласы, 39% – Жетісу облысы.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында еліміз бойынша 16 677 тұрғын үй нысаны іске қосылды. Оның ішінде 16 083 – жеке үй, 574 – көппәтерлі үй, қалған 20 – жатақхана.

Көпқабатты үйлерде 63,1 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық. Көпқабатты үйлердің 7,6%-ын мемлекеттік құрылыс компаниялары, 91,2%-ын жеке компаниялар, 1,2%-ын шетелдік компаниялар салған.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде де тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша өсім байқалды. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында ауылдарда 1,6 млн м2 астам тұрғын үй берілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале