Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Ербол Сарсенғалиевтің ұйымдастыруымен күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан кезекті жоспарлы ота, соның ішінде хирург дәрігерінде «Д» есепте тұратын науқастырдың денсаулығын қалпына келтіру мақсатында тұрғындарға арналған МӘМС шеңберінде тегін ота жасалды.
Білікті хирург, эндоскопист Мәлік Өтеғұлов сонымен қатар аурухана ұжымы, оның ішінде хирург Азамат Дияров, Дәурен Нуппаев, анестезиолог Дәурен Көкенов, мейірбике Әсел Мырзашева және анестезиолог көмекші Жандос Шакетов ішек полипыне - бір, өт-тас ауруларына - екі, шап-ұма жарығына - екі, асқазан полипіне - бір жоспарлы ота жасады. Ота аяқталғаннан кейін науқастар палатаға ауыстырылып, тұрақты емін алып жатыр. Науқастардың қазіргі жағдайы жақсы.
Аудандық ауруханада жасалған жоспарлы оталар тұрғындардың қалаға бармай-ақ аудан орталығынан қолжетімді медициналық көмекке қол жеткізіп келеді.
Зара Жәрдемова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz