25.07.2023, 15:45
Оқылды: 35

Жаңа тротуар салынды

Жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, Шыңғырлау ауданының оңтүстігінде орналасқан темір жол бойындағы «ХПП» шағын ауданына жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілді.

тротуар (1)

Жалпы ұзындығы 275 метрге созылатын тротуардың құрылысын мердігер «Наурызғалиев Д» жеке кәсіпкерлігі жүргізе асырыпты. Бұл жаяу жүргіншілер жолы «ХПП» шағын ауданындағы астық қабылдау кәсіпорны мен теміржол үстінен өтетін көпір аралығын қамтып жатыр. Биыл мамыр айында айында басталған жұмыс бүгінде мәреге жетіп, қабыладуа да кезек келді.

тротуар (2)

«Соңғы жылдарда аудан орталығындағы бірқатар жаяу жүргіншілер жолы жаңадан салынды. Ал кей жерде қайта жөнделді. Өткен 2022 жылы Қуантаев көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған 618 метр тас жол төселсе, оның алдыңғы жылы да мың метрден астам жол жиегі салынды. Бірінші кезекте тұрғындардың сұранысына сәйкес адам легі көп - мектеп, балабақша, колледж секілді әлеуметтік маңызды нысандардың маңын қамтуды мақсат тұттық. Биыл да ауыл тұрғындары үшін маңызды, әрі аудан әкімінің есептік кездесулерінде жиі көтерілетін мәселе бойынша Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебіне «ХПП» шағын ауданы аумағынан қатынайтын әсіресе, оқушы балаларға жауын-шашында қиындық туғызбасын деп, жаяу жүргіншілер жолымен қатар қосымша жарық шамдар да орнатылып, жасалды. Бүгінде аудан орталығында барлығы жалпы ұзындығы 6000 метрге жуық жаяу жүргінші жолы халық игілігіне қызмет етуде», - дейді Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ә.Қаражанов.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале