25.07.2023, 16:00
Оқылды: 20

Жоғалған жасөспірім табылды

БҚО ПД Орал қалалық полиция басқармасының «102» операторына шілденің 25-і күні 2009 жылы туған жасөспірімнің кеште үйден шығып, хабарсыз кеткені туралы хабар келіп түседі. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП Полиция (3)

Дереу бағыт алған Ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімді түнімен іздеп таңда қаланың 4-ші шағынауданы аумағында кетіп бара жатқан жерінен тапқан.

Қазіргі уақытта бала ата-анасына берілді. Ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы қайғылы салдарға әкелуі әбден мүмкін.

- Осыған байланысты, құрметті ата-аналар, балалардың үйден шығып кету жағдайларының алдын алу үшін олармен тығыз қарым-қатынаста болуды, олардың өмірлік қиындықтарын бірге жеңуді, балаңыздың достары мен араласатын адамдарын жеке білуіңізді, сондай-ақ, оның қызығушылығы мен хоббиі туралы толық біліп отыруыңызды сұраймыз, - дейді полиция өкілдері.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале