26.07.2023, 16:15
Оқылды: 46

Жыл басынан бері LRT-ны салуға 25 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды

Биыл «Астана LRT» жобасының құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың жартысына жуығы игерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ақша

«Ағымдағы жылы жоба құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 24,8 млрд теңгесі игерілді», - делінген ҚазАқпарат тілшінің сауалына берілген елорда әкімдігінің жауабында.

Құзырлы орган атап өткендей, келісімшарт бойынша жобаның жалпы құны 1 888 млн доллар.

Соңғы 12 жыл ішінде бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы сұраққа әкімдік оның бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, LRT жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға бағытталғанын хабарлады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале