Ақжайық ауданы ауылдарының көшелерін жарықтандыру жұмысы қазір қызу жүріп жатыр. Бүгінге аудан орталығындағы Мендалиев және Қонаев көшелеріне шам орнату (40 млн. теңге) 90 пайыз аяқталса, маусым айында Тайпақтағы Тайманов көшесі (22 млн. теңге) толықтай жарықтандырылды.
Аталған қызметті екі ауылда да «Жайық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Қаржы республикалық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша бөлінген.
Сонымен қатар Тайпақ ауылындағы Ә.Молдағұлова және Д.Нұрпейісова атындағы көшелерді жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, конкурс жарияланған.
Айжан Ақыл,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz